Түркістан қаласы әкімі аппаратына қарасты Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды. Шара барысында жауапты тұлғалар тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу тәртібін түсіндіріп, жеке қабылдау жүргізді.⠀
Ағымдағы жылдың 08 сәуірінде өткен бұл шарада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті мен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының өкілдері халыққа кеңес берді. Қабылдау кезінде тұрғындардың өтініштері тыңдалып, қызмет алудың тиімді жолдары насихатталды. Сонымен қатар, жиын барысында көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл бастама мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.