Шымкентте туризм және сервис саласы бойынша тегін оқу курстары басталды. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған курсқа қатысып, қатысушылар жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бағдарлама туризм индустриясын дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және жаңа жұмыс мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Жоба Шымкент қаласы тұрғындарын туризм және сервис саласында сұранысқа ие мамандықтарға даярлауға арналған. Қысқа мерзімді курстар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
ЗАМАНБЕК ОРЫНБЕКОВ, «VISIT SHYMKENT» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл жоба біздің Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығында түрлі салалар бойынша оқыту жұмыстары. бармен, хостес, даяшы және гид-экскурсовод бағыттары оқыту курстарын бастап кетті.
Бұл жоба аясында бармен, хостес, официант және гид-экскурсовод бағыттары бойынша оқу бағдарламалары басталды. Сабақтар барысында қатысушылар практикалық дағдыларды меңгереді.
ГҮЛНӘР БЕКМҰРАТОВА, «VISIT SHYMKENT» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Қазіргі таңда гид-экскурсовод мамандығына сұраныс артып келеді. Сапалы экскурсияларды өткізу үшін мамандарды даярлау мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Аталған бес бағыт бойынша жалпы саны 50-ден астам адам тіркелген. Әр бағыт бойынша сабақтар топта кемінде 10 адам болған жағдайда басталады. Сабақ аптасына екі рет, әрқайсысы екі жарым сағаттан өтеді. Қатысушылар екі ай көлемінде дайын маман болып шығады, ал курстан өткен мамандар қаладағы туристік фирмаларға жұмысқа орналастырылады.