Шымкентте 12 сәуір күні «Shymkent Half Marathon – 2026» жартылай марафоны өтеді. Аталған спорттық іс-шара «AMANAT» партиясы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және тұрғындардың дене белсенділігін арттыруға бағытталған.


Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген халық денсаулығын нығайту жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Биылғы марафонға 3 мыңға жуық адамның қатысуы күтілуде. Қатысушылар қатарында мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері, мәдениет және спорт саласының танымал тұлғалары, кәсіби спортшылар, еріктілер және қала тұрғындары бар. Қатысушылар 5,10,21 шақырым қашықтықтар бойынша сынға түседі. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар қаржылай сыйақылармен, арнайы алғыс хаттармен және медальдармен марапатталады.