Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Қала әкімі, басқарма басшылары және аудан әкімдері 150-ден астам азаматты қабылдап, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында барлық өтініштер мұқият қаралып, әрқайсысы бойынша нақты түсіндірмелер берілді. Азаматтарға заңнамаға сәйкес шешу жолдары ұсынылып, қажет болған жағдайда алдағы әрекеттер тәртібі түсіндірілді. Ең жиі көтерілген мәселелер тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік, құрылыс және денсаулық сақтау салаларына қатысты болды. Өтініштердің бір бөлігі қосымша қарауға жіберіліп, жауапты мамандардың бақылауына алынды. Айта кетейік, мұндай қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға және азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді.