Шымкентте интернет алаяқтық тыйылмай тұр. Жауаптылардың айтуынша, қылмыстың бұл түрі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Жыл басынан бері 281 қылмыс тіркеліп, 17 күдіктінің ісі сотқа жолданған.
Қаржылық пирамидалар мен интернет алаяқтық – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы уақытта алаяқтардың арбауына түсіп, қаржысынан айырылған азаматтар саны көбейген. Осыған байланысты мамандар білім беру мекемелері мен елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға сақтық шараларын ескертуде.
ОРЫНША ТАДЖИБАЕВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
мектептерде, көшебе болсын, мешіттерде қарияларға бпрлығына айтып түсінлдіріп жатырмыз. Сіздерді алдап ақша беріп жатыр, біреу ауырып қалыпты, сол ауырған қарындасыңызға, туысыңызға немесе жолдасыңызға ақша аудар десе оған сенбеңіздер деп. Кейде банктен деп хабарласып алдап жатқандар бар. Соларды мүмкіндігінше тоқтатуға қолдан келеген көмегімізді ішкі істер қызметкерлері мен прокуратура бар, Абай аудандық әкімшілігі бар, қалалық әкімшілік бар соларға көмектесейік деп белсенді араласып жүрген адамдармыз.
Мамандардың айтуынша, алаяқтар көбіне өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректерін иемденуге тырысады. Сондай-ақ интернет арқылы жалған тауарлар мен қызметтер ұсынып, немесе бөтен адамның атынан онлайн несие рәсімдеу жағдайлары да жиілеген.
МАҚСАТ ШЕГЕРБАЙ, КИБЕР ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Шымкент қаласыбойынша интернет алаяқтық өршіп тұр. Тіркелуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға оғары десек болады. 2026 жылдың 3 ай қорытындысымен 281 қылмыс тіркелгенинтернет алаяқтық бойынша. Жыл басынан 48 тұлға қылмыстық жуапкершілікке тартылды. Олардың 17-і көп эпизодты қылмысқа қатысы бар екені анықталып қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп сотқа жолданып қойған олардың барлығы.
Сонымен қатар соңғы уақытта «WhatsApp» мессенджеріндегі аккаунттарды бұзып, таныстарының атынан ақша сұрайтын алаяқтар да көбейген. Құзырлы органдар азаматтарды күмәнді хабарламаларға сенбеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.