Негізгі ҰБТ-ға өтініш 11-25 сәуір аралығында қабылданады. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. ⠀
11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет бере алады. Тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Талапкерлерге тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдау мүмкіндігі берілген. Айта кетейік, биыл тестілеу форматы өзгеріссіз қалады.