«Home Credit Bank» Акционерлік қоғамы қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасын іске қосты. Бастама шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған. Үшінші мегаполисте өткен алғашқы семинарға кәсіпкерлер жиналып, бизнесті тиімді жүргізудің тетіктерін талқылады.


Нарық заңдылықтары күн санап қатаңдап, бәсеке күшейген заманда қаржыны тиімді жоспарлау – табысты бизнестің басты кепілі. Сарапшылардың айтуынша, көптеген кәсіпкер дәл осы қаржылық сауаттың жетіспеуінен шығынға ұшырап жатады. Сондықтан мұндай білім беру бастамалары кәсіп иелеріне қаржылық тәртіп қалыптастырып, табысын арттыруға мүмкіндік береді.


ҚАНАТ ТОҚАБАЕВ,  «HOME CREDIT BANK» АҚ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Қазір мемлекеттің алға қойған мақсаты-ірі және кіші кәсіп иелеріне көмектесу, мәселелерін бір жолға қою.Бүгінгі жиында кәсіпкерлерді толғандырып жүрген сауалдар жайын толғаймыз.  Бұл Шымкент қаласындағы алғашқы дебютіміз.Алдағы уақытта елдегі барлық өңірді қамту жоспарда бар.


Бағдарлама теориядан гөрі тәжірибеге басымдық береді. Қатысушылар ақша ағынын тиімді басқару, табысты дұрыс есептеу әрі қолайлы салық режимін таңдау жолдарын меңгерді. Дәрісті кәсіпкерлерге арналған салықтық сауаттылық материалдарының авторы Луиза Шехир жүргізді. Ол салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, кәсіпте жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды.


ЛУИЗА ШЕХИР, КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ АВТОРЫ
Қазір кәсіпкерлер үшін тек жұмыс істеу ғана емес, бизнесті тиімді әрі ашық түрде жүргізу болып табылады. Салық режимдерін, қаржы ағындарын және тәуекелдерді түсіну тек айыппұлдан сақтандырып қана қоймай, тұрақты бизнес құруға және шығындарды жоспарлауға мүмкіндік береді.


Жоба алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады. Банктің ресми сайтында қаржылық сауаттылыққа арналған арнайы блог жұмыс істейді. Онда жеке қаржыны басқару, банк өнімдерін тиімді пайдалану, алаяқтардың құрбанына қалай айналмау және кәсіпкерлерге арналған есеп жүргізу бойынша пайдалы материалдар тұрақты түрде жарияланып отырады.