Мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсыру кезеңі басталды. Өтінімдер 1 сәуір мен 1 маусым аралығында қабылданады. Биыл білім беру бағдарламалары кеңейіп, грант саны артқан.


Биыл академиядағы білім беру бағдарламаларына 3 жаңа бағыт қосылып, жалпы саны 15-ке жетті. Сонымен қатар, магистратура бойынша грант саны 120-дан 200-ге дейін ұлғайды. Академияда білім алуға мемлекеттік қызметкерлер үміткер бола алады. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор өкілдеріне де мүмкіндік қарастырылған. Алайда олар ақылы негізде оқиды. Үміткерлер қажетті құжаттармен қатар қазақ және ағылшын тілдерін меңгергенін растайтын сертификаттарды ұсынуы тиіс. Магистранттар мен докторанттарға қойылатын талапқа сәйкес, олардың мемлекеттік қызметте белгілі бір еңбек өтілі болуы қажет. Оқу барысында тыңдаушылардың жұмыс орнындағы жалақысы сақталып, шәкіртақы ретінде төленеді. Академияны тәмамдаған түлектерге «Б» корпусы бойынша конкурссыз басшылық қызметтерге орналасуға мүмкіндік беріледі.