Түркістан қаласында «Bolashak Skills – 2026» қалалық кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы мен көпсалалы индустриалды-техникалық колледждің бірлесуімен өткен шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды көздейді.
Кәсіби бағдар беру мақсатында өткен бұл байқауға қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастар техникалық және кәсіптік білім саласындағы өз шеберліктері мен қабілеттерін ортаға салды. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа кәсіби таңдау бойынша бағыт-бағдар беріп, заманауи мамандықтарды насихаттау. Сайыс қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен және белсенділік танытқан қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай байқаулар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына септігін тигізетінін атап өтті.