«Қазақстанның жаңа Конституциясы әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды. Бұл бағыт мемлекеттің әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға жауапты екенін айқындайды. Конституция – жалпықоғам мойындаған құндылықтар жиынтығы». Мегаполистің белсенді жастары бас біріктіріп, жаңа Конституцияны насихаттап, оның маңыздылығын сөз етті.


 Кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары баяндалды. Ата Заң әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасы аясында азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды міндетке алады. Жиында жаңа заң халықтың осал топтарына қолдау көрсетуді және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуді көздейтіні айтылды. Сонымен қатар мемлекет азаматтардың еңбек етуіне, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қажетті жағдайлар жасайтыны түсіндірілді. Бұл жиынға қаладағы жоғары және орта білім беретін ұйымдардың белсенді жастары шақырылды.


 ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
 Соны біз жастар арасында насихаттау мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз. 15 наурыздан кейін Шымкент қаласындағы университеттерді аралап, Конституциядағы өзгерістер бойынша тұрақты насихаттау жұмыстарын жүргізіп жүрміз.