Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.


 Алдымен Тіленшин көшесіндегі автомобиль өткелінің құрылысы тексерілді. Жоба жол өткізу қабілетін арттырып, көлік кептелісін азайтуға бағытталған. Қала әкімі нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Одан кейін Абай ауданындағы Қошқар-Ата өзені маңында жүргізіліп жатқан жағалауды бекіту жұмыстары қаралды. Бұл шаралар су тасқыны қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданында жаңа қоғамдық кеңістік салу жобасы таныстырылды. Жоба аясында аллея салынып, аумақ көгалдандырылып, жарықтандыру жүйесі орнатылады. Жалпы, мұндай жобалар қала инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған