Шымкенттік полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты. Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.
Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілген. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленген. Сондай-ақ ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынған. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іске қатысы бар 13 күдікті полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді.