Шымкентте «Кітап оқитын колледж» байқауының қалалық кезеңі өтті. Ұлттық жобаның бір бөлігі саналатын сайысқа қаладағы түрлі колледждерден келген 40 команда қатысты.


 Ұлттық жобаның көздеген мақсаты – Қазақстанды ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу. Қазіргі таңда жастар бұл үрдісті қолға алып, білім алуды трендке айналдырған. Байқау барысында студенттер шешендік қабілеттерін шыңдап, өзара пікір алмасты.


 МАЙРА ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
 34 колледждің ішінен қалалық кезеңге 32 команда өтті. Бүгін автокөлік колледжінде байқаудың кезекті кезеңі өтуде. Қатысушылар пікірсайыс форматында бақ сынауда.


Ұлттық жоба алты бағытты қамтиды. Қалалық кезеңде жеңіске жеткен студенттер 23 сәуір күні өтетін салтанатты жиында марапатталады.


ДӘУЛЕТ ҚОЖАМБЕКОВ, ЖОБА ӨКІЛІ
 Бүгін қалалық байқауда жеңімпаз атанған жастар 23 сәуір күні марапатталады. Байқауға қалалық әкімдік, «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қоры мен «AMANAT» партиясы мұрындық болды. Бірінші орын алғандарға 1 миллион теңге, екінші орынға – 600 мың теңге, үшінші орынға – 400 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.


 Шаһар тұрғындары байқауға белсене қатысып жатыр. Олар түрлі туындылармен танысып, 15 кітапты оқуы тиіс. Жоба жеңімпаздарына ай соңында әр аталым бойынша қомақты қаржылай сыйақы табысталады.