Былтырғы жазда ғана қолына пәтер кілтін алып қуанған Алтынайдың қазір жүзінен қуаныштың табы байқалмайды. Жылу ақысының түбіртегі келгелі, тіпті ұйқыдан қалған. Себебі, үш бөлмелі пәтер үшін тұрғыннан жылу орталығы 36 мың теңге талап етіпті. Пәтер ақысының өзін әрең төлеп отырған тұрғын мұны айтарлықтай көп деп санайды.

Бастапқы келісімшартқа сәйкес, тұрғындар жылу ақысын арнайы есептегіштің көмегі арқылы төлеуге міндеттелген. Бірақ, түбіртектегі қыруар қаржы жалпы үйдің аумағына есептеліп шығарылған. Алайда, көпқабатты үйлердегі дәліз, әжетхана және лоджыларда жылу жүйелері орнатылмаған. Соған қарамай, жалпы үйдің аумағына олар да кіріктірілген. Тұрғындардың ашу-ызасын тудырған тағы бір мәселе - үйдің аумағы әр түбіртекте әртүрлі.

Айнаш Оразова– Шымкент қаласының тұрғыны

Бұл жердегі үйлердің барлығы бір қалыпта салынған. Мысалы, біріші қабаттағы 3 бөлмелі үйдің аумағы 76 шаршы метр болса, 2 қабаттағы да солай. Ал, «Қуат жылу» жіберген түбіртекте солардың аумағы әртүрлі.

Ал, жауаптылар болса, барлық мәселені басқаға жауып отыр. Олардың сөзіне сенсек, «Тұран» мөлтекауданындағы тұрғынүйлерге жылу есептегіш құралдары дұрыс орнатылмаған. Сондықтан, жылудың құны үйдің шаршы метріне қарай есептеліпті.

Осылайша, бірдің кесірі мыңға тиіп, тұрғындар шаш етектен шығынға батып отыр. Күрделі мәселесін айтып, үй иелері жергілікті әкімдікке де шағым түсірген. Бірақ Қаратау ауданының билігі тұрғындарға тек жазбаша жауап қатумен ғана шектеліпті. Ал, тұрғындар: «қарап отырмай қалта қаққан мекеме үстінен құзырлы органдарға шағым айтамыз» деп, отыр.  

М. Жарылқасын