9 ай мектепте білім алып, түрлі үйірмелерге қатынап шаршаған әр баланың... шаттыққа толы демалысты аңсайтыны анық. Бұл – ата-ана қалауындағы іс. Алайда, барлық сауықтыру орындарының бағасы бірдей қалта көтере бермейді. Сондықтан, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мектеп жанындағы лагерьлерді де місе тұтуға мәжбүр.
Ардақ Садықова – Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
Бізде 176 мектепте мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұр. Бұл жерде 15 023 бала тамағымен жазғы сауықтырумен қамтылды. Тағы 729 мектепте тамақсыз 171 мың бала демалып жатыр. Мұндағы мақсат - бала бос жүрмесін, оның уақытын тиімді пайдаланайық деген меже еді.
Көрсеткіш көңіл көншітеді. Алайда, 9 ай... сол қабырғада «қамалған» баланың... жөндеу жұмыстарымен жағаласып, мектепте тыныққанына... не жорық?! Халық қалаулылары қойған сауалға білім бөліміндегілер біраз кібіртіктеді.
Оңалбай Аяшев - облыстық мәслихат депутаты
Сіз маған қалай жауап берер едіңіз, мәселен, ол баланы әбден оқытып, табанын тоздырдыңдар, ол бала сол мектептен демалғысы келеді. Ал сендер әкелесіңдер де , қайтып сол мектепке қамап қоясыңдар, бұлай болмайды! Бұл мәселені жақсылап қарау керек.
Ардақ Садықова - Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
Ен бұл жерде басқа қандай да бір ұсыныс керек. біз оға ықпал ете алмаймыз, оның барлығы жергілікті биліктен қаржы бөлінуіне байланысты. Біз бұл мәселеге қатыса алмаймыз.
Биыл әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 150 бала жазғы демалыста «Облыс тарихы» атты шеруге ат салысқан. 5-сынып бүлдіршіндері үшін қомақты қаржы да бөлініпті. Алайда, дәл осы шарадан жеткіншектердің алғаны, түйгені мардымды деп айту қиын.
Оңалбай Аяшев – облыстық мәслихат депутаты
у деген не ол, не алды одан балалар? Нақты не үшін кере? Міне, біз бұл мәселеге мұқият болуымыз керек.
Ардақ Садықова – Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
Біз Түркістанға апардық балалaрды. Әйдібек ауданына, ауданнан осы қалаға әкелдік қанша баланы
Түптеп келгенде, мектеп балғындарын жазғы лагерьлермен қамту ісін ширату керек. Әйтпесе, бюджет қаржысы көрінген жерде желге ұшпақ. Салдарынан, періште көңіл де... сауығудың орнына жабығу, торығуға душар болатыны анық. Жиында бас қосқандар осындай пайыммен тарқасты.
П.БИНАЗАРҚЫЗЫ