Қала әкімі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Continental Logistics Shymkent ЖШС-нің заманауи A санатындағы кешені 35 гектар аумақта орналасқан. Нысан құрамында көкөніс сақтау қоймасы, контейнер алаңы және сұрыптау-буып-түю кешені бар. Жалпы аумағы 65 мың шаршы метрді құрайтын кешенде 140 жұмыс орны құрылған.


 Сондай-ақ Euro Tranzit Service Management ЖШС-нің көлік-логистикалық кешені қаралды. Мұнда A+ және B+ санатындағы қоймалар қарастырылған. Жобаның алғашқы кезеңінде 10 мың шаршы метр қойма салынып, 40 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл жоба жүк өңдеу мен сақтаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Зерде дәріханалар желісі қоймасының жұмысы таныстырылды. Мұнда жылына шамамен 87 мың дәрілік өнім сақталып, 50 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар Turan Collagen ECO ЖШС-нің коллаген ақуызы мен спорттық тағам өнімдерін өндіру бағытындағы қызметі назарға алынды. Кәсіпорынның тәуліктік өндірістік қуаты 1,5–3 тоннаны құрайды. Кәсіпорындарды аралау барысында қала әкімі компания басшыларымен өндірістік және логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және алдағы даму жоспарларын талқылады. Сонымен қатар бұл нысандардың қаланың экономикалық әлеуетін арттырудағы, жаңа жұмыс орындарын ашудағы және бюджетке тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз етудегі маңызы ерекше екені атап өтілді.