Қоғам қайраткері, білім саласының үздігі, меценат – Манап Өтебаевтың туған күніне орай есімі берілген оқу орнында еске алу жиыны өтті. М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде тағылымды шара ұйымдастырылды. Тақырыпты тілші тарқатады.

 Жиын барысында колледж әкімшілігі мен ардагер ұстаздар дара тұлға туралы естеліктерімен бөлісті. Оның еңбек жолы мен өнегелі өмірі кеңінен насихатталды. Манап Өтебаев – білім саласында нарықтық экономикаға қажетті мамандар даярлап, студент жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ұстаз.

МҰСАХАН ӨТЕГЕНОВ, М. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ол кісінің еңбегі орасан. Жастарға тәлім-тәрбие беру мен білім саласына қосқан үлесі өте ауқымды. Біз оны студенттерге әрдайым айтып отырамыз.»

Манап Өтебаев ұстаздардың ұстазы бола білді. Еліміз егемендік алып, экономика тұралаған шақта мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларға қолдау көрсетті. Бұл туралы ғалымды көзімен көрген әріптестері әсерлі естеліктерімен бөлісті.

ДАМИРА АРИПОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ
«Бұл кісіге алғысым шексіз. Студенттерге айтарым – өздеріңіз де ұстаздарыңызды бағалай біліңіздер. Бұл сіздердің еңбек жолдарыңызға үлкен сабақ болады.»

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді». Манап Өтебаев игі ісімен артында өшпес із қалдырған тұлға. Сондықтан болар, оны еске алу шарасы жыл өткен сайын маңызға ие болып келеді.