Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы өтті. Сайыс жастардың өнерін, білімін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін және жан-жақты қабілетін танытуға арналды.
Аталған байқауға университеттің әр факультетінен бір жігіт, бір қыз қатысып, өзара бақ сынады. Студенттер үш кезең бойынша сынға түсті. Байқауға университеттің мамандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Олар қатысушылардың өнерін, сахнадағы мәдениетін және білім деңгейін бағалады. Жалпы, бұл байқау тек жарыс емес, жастардың бойындағы өнер мен білімді, ұлттық тәрбиені дәріптейтін рухани-мәдени кеш болды.