«Отбасы банк» АҚ жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізді. Оған 22 құрылыс компаниясы қатысып, баспана нарығындағы ұсыныстарын таныстырды.

НАЛО: Ұйымдастырушылар келушілерге ипотекалық бағдарламаларды түсіндіріп, тиімді ұсыныстарды таныстырды. Қатарында халық сұранысына ие болған «Наурыз» бағдарламасы да бар. Ресми өкілдің айтуынша, оған қатысу үшін үміткердің депозитінде кемінде 2 млн теңге болуы қажет. Сондай-ақ ол жергілікті мекенжайы бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелуі тиіс. Тағы бірқатар құжаттарды жинақтау арқылы конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады.

ДӘУРЕН САУДАБАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
Жәрмеңкеге 22 компания қатысып отыр. Барлығы да тұрғын үй нарығында өз орнын қалыптастырып, халық сеніміне ие болған құрылыс ұйымдары. Келушілерге «Отбасы банк» ұсынатын барлық бағдарламаның тәртібі мен талаптарын түсіндіріп жатырмыз. Елдің сапалы баспанаға қол жеткізіп, тиімді негізде несие алғаны біз үшін өте маңызды.

Жәрмеңке екі күнге жалғасады. Құрылыс компанияларының өкілдері келушілер санының көп екенін айтады. Қызығушылық танытқандар үшін таңдау мүмкіндігі мол. Бағасы әртүрлі баспаналар ұсынылған. Бизнес, эконом және комфорт класындағы тұрғын үй кешендерінің түрлері жеткілікті. Сұранысқа сай ұсыныс та бар.

САБИРА АМАНГЕЛДІ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Келушілердің қарасы қалың деуге болады. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар көп.Тұрғын үйлер түрлі деңгейге бөлінеді. Осы үйлерді «Отбасы банк» арқылы ала аласыздар.