Қалалық полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежінің қатысушыларын ұстады.


Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына бағынбау сияқты қауіпті маневрлер жасаған. Сонымен қатар фейерверк ату, түн тыныштығын бұзу, көлік құралдарына заңсыз стробоскоп шамдарын орнату деректері анықталды. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық тұлғаларды анықтап, ұстады. Тексеру нәтижесінде 12 адам жауапкершілікке тартылып, олардың ішінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 5 адам әкімшілік қамауға алынды. Көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.