Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бильярдтан ардагерлер арасында қалалық біріншілік өтті.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің тәжірибесі мен шеберлігін ортаға салып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес барлық ойындар әділ әрі ашық форматта өтіп, ардагерлер арасында шынайы бәсекелестік қалыптасты. Аталған турнир бәсекелестікті арттырумен қатар, ардагерлер арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара құрметті нығайтуға бағытталды. Біріншілік барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен мол тәжірибелерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Үздік өнер көрсеткен қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық ардагерлерге қала әкімінің атынан «Белсенді қатысқаны үшін» арнайы дипломдар табысталды.