Қала билігі бүгін тағы 31 азаматқа пәтер кілтін табыстады. Баспанаға тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қол жеткізді. Олар жылжымайтын мүлікті пайыздық мөлшерлемесі төмен, жеңілдетілген несие негізінде алып отыр.


Динара Әбішова бұл сәтті 7 жыл күткен. Тұрғын үй кезегіне 2019 жылы тіркелген ол – көпбалалы ана. Бүгін көптен күткен арманы орындалып, үш бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Қуанышы шексіз.


ДИНАРА ӘБІШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Біз бүгін өте қуаныштымыз. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Балаларымның несібесі.» 01:16 – «Қуанғаннан не айтарымды білмей тұрмын.»


Жеңілдетілген несиелік бағдарлама аясында беріліп отырған үйлердің үстемақысы 2 пайыз. Бағасы да нарықтағы жаңа үйлерден төмен. 20 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.


 КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
– «Жеңілдетілген несиелік бағдарлама аясында төлем қабілетін растаған азаматтар пәтерге қол жеткізіп отыр. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, ерекше жандарды асыраушылар, 1-2 топ мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері бар.»


Арманы орындалып, жаңа пәтерге қоныстанған тұрғындардың қуанышы ерекше. Олар қала билігі мен бағдарлама ұйымдастырушыларына алғысын білдіруде.