Түркістанда сезім мен сыйластық сахна төрінде тоғысты. Ерекше жұптар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен қошеметіне бөленді. Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, махаббат пен адалдықты, сыйластық пен үйлесімділікті насихаттау.


 «Достық үйінде» өткен шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында қатысушы жұптар төрт кезең бойынша бақ сынады.


 Сайысқа бас-аяғы жеті жұп қатысты. Қатысушылар қатарында студенттер де бар. Бұл байқауда Ассамблея мүшелері де өнер көрсетті.


Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтарын, сахна мәдениетін және жұптық үйлесімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.


 Байқау қорытындысы бойынша үздік жұптар арнайы номинациялармен және жүлделі орындармен марапатталды. Ал бас жүлде иегерлері 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұл кеш – тек сайыс қана емес, жастардың өнері мен мәдениетін, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастықты дәріптеген тағылымды шара болды.