Телефонға телмірген оқушыларды кітапқа қызықтыру оңай шаруа емес. Желіге желімдей жабысқан жастарды сол ғаламтор арқылы дәстүрлі оқырманға айналдыруға болады, – дейді мамандар. Осы бағытта алғашқы қадамдар жасалып та жатыр екен. Бұл жаңалықтар Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында өткен «Сөз өнеріндегі өлкетану» атты іс-шарада айтылды.


Бұл жиынға атағы алты алашқа танымал жазушылар келді. Жазушы-журналист, «Әйел күнделігі» кітабының авторы Есенкүл Көшербай, Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі Марғуба Мұхтарова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айжамал Толықбаева арнайы шақырылды.


ҚҰНДЫЗАЙ ЕЛЕКЕЕВА, КІТАПХАНАШЫ
23 сәуір – Кітапханашылар күні қарсаңында өзіміздің кітапхананың оқырмандарын жинап, есеп бергендей боламыз. Біздің кітапханада оқырмандардың кітапқа деген талабы жоғары. Бұл – кітапханашылардың еңбегі деп ойлаймын.


 САРМАНБАЙ ИСАҚОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖАЗУШЫСЫ
Кітапханашылар күні құтты болсын.


 Әлеуметтік желі қолданушыларын кітапқа тартудың бір жолын филология ғылымдарының кандидаты Айжамал Толықбаева ұсынып отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік желіге шығарманың мазмұнды сөйлемдерін қысқаша жариялау арқылы адамның кітапқа деген қызығушылығын арттыруға болады. Әсіресе әлемдік классиктердің шығармаларын қазақша мазмұнда аударып ұсынса, оқырман қызығушылығы арта түседі.


АЙЖАМАЛ ТОЛЫҚБАЕВА, ДОЦЕНТ, Ф.Ғ.К.
Бірақ бұл аударма ісін шығармашылықтың негізгі түрі деп таңдаған жоқпын. Мұны қоғаммен байланыс орнатудың бір тәсілі деп білемін. Негізгі жұмысыма


Қалалық жасөспірімдер кітапханасында 260 мыңнан астам кітап қоры бар. Жылына 20 мыңнан астам оқырман келеді екен. Кеш барысында оқушылар «Әйел күнделігі» кітабындағы «Айналайын, апатай» әңгімесін талқылап, әдеби композиция ұсынды. «Бір кітап – бір әлем» викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар марапатталды. Шара соңы әдеби-сазды кешке ұласты.