Ұлттық кітап күніне орай «Тарих тағылымын толғаған қаламгер» атты шығармашылық кеш өтті. Әдеби жиынның басты кейіпкері – жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы. Оқырман қауым қарымды қаламгермен диалог орнатып, көкейкесті сауалдарын жолдады.

Қаламгер еңбектерінде тарихи тағылым мен рухани тереңдік үйлесім тауып, оқырманды ұлттық болмысқа жетелейді. Әр шығармасы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, шешім жолдарын көрсетеді. Әдет пен әдеп, әділет пен шындық жайында толғана жазатын жазушы жастарды кітап оқуға шақырды. Оның айтуынша, ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына – кітап, қай заманда да өз құндылығын жоғалтпайды.

 МОМБЕК ӘБДІӘКІМҰЛЫ, ЖАЗУШЫ
Кітап адамзатты мейірімге жетелейді. Осы қазынаны насихаттап жүрген кітапханашылар…

Іс-шара барысында кітапханашының қоғамдағы рөлі мен кітап оқудың мән-маңызы талқыланды. Оқырманға жөн сілтеп, бағыт-бағдар беретін маманның еңбегі туралы жылы пікірлер айтылды. Мамандардың сөзінше, кітап оқу есте сақтау қабілетін арттырып, ойлау жүйесін жетілдіреді. Сондықтан жас ұрпақты білім қазынасына баулу – күн тәртібіндегі маңызды мәселе.

ШҰҒА НҰРАБАЕВА, ТӨЛЕБИ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Біртұтас білім беру бағдарламасы аясында балаларды кітап оқуға баулу қарастырылған. Сол себепті де бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырмыз.

 Шығармашылық кеш барысында оқушылар ән айтып, өнер көрсетті. Аға буын өкілдері кітап туралы ой-толғамдарын ортаға салып, оның қоғамдағы мән-маңызына тоқталды.