Түркістан қаласында «Айбын – 2026» қалалық әскери-патриоттық сайысының іріктеу кезеңі өтті. Іс-шара №33 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды. Іріктеуге қаладағы 37 мектептің 10–11 сынып оқушылары қатысты.


Қатысушылар 4 аймаққа бөлініп, әр топтан 15 оқушыдан, барлығы 60 жас қамтылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ олардың физикалық және зияткерлік қабілеттерін дамыту.


Іріктеу қорытындысы бойынша үздік деп танылған 15 оқушыдан құралған команда жасақталды. Олар облыстық «Айбын» әскери-патриоттық сайысына қатысады.


 Іс-шара Түркістан қалалық білім бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.