Жасанды интелект оқушыларға қазақ тілін үйретуге оң ықпал етеді.  Оның тиімділігін орыс сыныптарына мемлекеттік тілді үйрететін мұғалімдер сезініп отыр. Бұл жағымды жаңалық Ахмет Байтұрсынов атындағы  қалалық орыс тілді аудиторияға қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдердің байқауында айтылды.  Тақырыпты тілші тарқатады.

Мейірхан Айдархан 8 жылдан бері орыс тілді балаларға қазақ тілін үйретіп келеді.  Соңғы жылдары білім саласына енгізіліп жатқан жаңа технологиялар ұстаздың ісін ілгерілетіп отыр. Жасанды интелектіні де жылдам меңгерген жас маман байқауда  өзінің оқыту әдіс-тәсілдерімен бөліседі.   Байқаудың мақсаты да осы. Инновациялық технологиялар арқылы оқушыларға мемлекеттік тілді үйретудің  тәсілін мұғалімдерге ұғындыру. Байқау үш кезеңнен тұрады.


МЕЙІРХАН АЙДАРХАН,  CAMBRIDGE LINE МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Байқау былтырғы жылы да өткен болатын Биыл қатысушы ретінде келіп отырмын. Бірінші кезең партфоля таныстыру екінші кезек сабақ жоспарын көрсету қандай платформа қолданамыз. Үшінші кезең айтылым жазылып оқылым.

Бұл білім байгесіне  қатысуға 20 дан астам мұғалім өтінім берген. Олардың дайындаған жұмыстарын сараптай келе 10 мүғалім ақтық кезеңге шығып отыр. Олар өзара кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын болады.  Жасанды интелект арқылы мемлекеттік тілді орыс тілді аудиторияға үйретуге бағытталған байқауды қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр.


ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
  Заман жақандануы бар, сандық жеттістіктер бар осыларды оқытуда мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде мүғалімдер қалай пайдаланып жатын соны байқау. Байгенің өткеніне қарай ары қарай біз жоба жасаймыз. Қандай жәрдем бере аламыз, оқытушыларға қандай бағдар беретінімізді айқындаймыз.

 Айтқандай былтыр осы байқауда оза шапқан оқытушылар сайыстан  шеттетіліп отыр. Мақсат жаңа жас мұғалімдерді жарысқа қатыстырып ынталандыру. Байқауда  үздік мұғалім атанғандарға бағалы сыйлық бар.  Жеңімпаздарға күнделікті  жұмысқа қажетті  ноутбук, принтер секілді  құралдар бар.