«ҚазАвтоЖол» Тараз – Шымкент бағытында уақытша көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады. Республикалық маңызы бар автожолдың 546–557 шақырым аралығындағы, яғни ескі Күйік асуы учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«ҚазАвтоЖол» аталған бағытта шектеу 13 сәуірден бастап енгізілгенін хабарлады. Шектеу кезеңінде Тараз – Қаратау бағыты бойынша қозғалыс облыстық маңызы бар автожолдар арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар Шымкент – Тараз бағытына ауыр жүк көліктері Жаңа Күйік асуы арқылы жіберіледі.
МАҚСАТ ШЕГІРБАЙ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Жол пайдаланушылардан сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.