Шымкент қаласында Тәуке хан даңғылы мен А. Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы үйге жапсарлас орналасқан, ұялы телефондар сатылатын және жөнделетін 2 нысанға Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері заңсыз пайдаланылып, тиісті құжаттар рәсімделмей құрылыс жүргізілгені анықталды. Осыған байланысты нысандардың меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқарма тарапынан сотқа нысандарды бұзу туралы талап-арыз беріліп, сот шешімімен құрылыс нысандары заңсыз деп танылды. Қазіргі таңда олар бұзылуда. Мамандар қала тұрғындарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының алдында заң талаптары мен құрылыс нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Заң талаптары сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.