13 сәуірден бастап Қазақстанда еңбек иммигранттарына жұмысқа рұқсат беру және оны ұзарту қызметі ХҚКО-ларда көрсетілмейді. Өтінімдер тек онлайн форматта қабылданады.
Бұл жаңарту Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігін жояды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, енді кейбір құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ. Медициналық анықтама мен сақтандыруға қатысты мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде алынады. Бұл өтінім беру уақытын қысқартып, қателіктер санын азайтады.