Жіті тапшылық байқалатын терапиялық бағыттар бойынша облыстық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жыл басынан бері 11 өңірде 22 бейінді бөлімше ашылып, шамамен 400-ге жуық пациент ем қабылдады. Жаңғыртудың мақсаты — төсек-орын қорын сұранысқа ие бейіндерге қайта бейімдеу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.


Бүгінде республика бойынша 36 көпбейінді облыстық аурухана жұмыс істейді. 2026–2027 жылдары барлық өңірде кезең-кезеңімен 49 бөлімше ашылып, 2700 төсек-орын орналастырылады. Оның 302-сі балаларға арналған. Жоба кардиология, гастроэнтерология, пульмонология және өзге де сұранысқа ие бағыттарды қамтиды. 2026 жылы 800-ден астам төсек-орын ашу жоспарланған.