Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов «Мирас» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Жиында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жоспары таныстырылып, атқарылған жұмыстар айтылды. Мәслихат төрағасының сөзінше, биыл 89 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 53 млрд, республикалық бюджеттен 14 млрд теңге қаржы бөлінеді.


Жаңа өнеркәсіп орындары ашылып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылуда. Бағдарлама аясында 21 273 адамды жұмыспен қамту көзделген.


 БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
2023 жылы 16,5 мың адам жұмыспен қамтылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 19 мың адамға жетті. Тұрақты жұмыс орындарының саны 8399-дан 9200-ге дейін артты. 2026 жылы 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.


Сондай-ақ сайлауалды бағдарламада логистика, білім, денсаулық сақтау, аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын салу және тұрғын үймен қамту мәселелері қарастырылған. 3 жылда 3,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.


 БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
 5 жылда 5,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінге дейін 3,2 млн шаршы метр, яғни 7 мыңға жуық пәтер табысталды. Жыл соңына дейін тағы 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланып отыр.


 Партиялық бақылау аясында «Мирас» бастауыш партия ұйымы бірқатар іс-шара өткізген. Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, мәселелер тыңдалды. Сонымен қатар түрлі челендждер мен спорттық іс-шаралар өткізілді.


 ЛАЗИЗ СУЛАЙМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ
 5 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, 30-дан астам тұрғынның мәселесін қарадық. Оның ішінде 12 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Қалған өтініштер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


 Іс-шарада мектеп мұғалімдері жол, қоғамдық көлік және бастауыш ұйым жұмысы бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.