Ардагерлер ауқымды шаруа атқарған. Мемлекеттік саясатты жүргізуде, қоғамдағы ынтымақ бірлік бағытында мегаполис қариялары көш бастап тұр. Ел үшін жасалған игі істер Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің   кезекті есеп беру жиынында айтылды.

Конференцияда атқарылған жұмыстар бойынша қалалық кеңестің төрағасы Кенжехан Төлебаев есеп баяндама жасады.  Шымкентте бүгінгі таңда 101 мыңнаң астам ардагер бар. Оның 1300-і тыл ардагері. Жасы 100-ден асқан 14 қарияның бары да шымкентіктер үшін үлкен қазына. Ардагерлер кеңесінің негізгі міндеті бастауыш ұйымдармен, мәдениет және жастар, ұлтаралық орталықтармен тығыз жұмыс жүргізу.  Қариялардың емдеу-сауықтыру әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы жұмыстарын үйлестіруге ықпал етіп келеді.  


 КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Осы мақсаттарда түрлі мәдени іс-шаралар тарихи патриоттық шаралар мен қоғамдық бастамалар жүзеге асырылды. Қаладағы 5 аудандық ардагерлер кеңесі 164 бастауыш ұйым бар. 4 тұрақты комиссия бастау ардагерлер ұйымының жұмысын жүргізуді

 Конференцияда «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі» жұмыстарының жаңдана түскенін, нәтижесінде қоғамдық келеңсіздіктерге жол бермеудің шаралары күшейе түскенін кеңес төрағасы  атап өтті.  Есептік жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен  мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов арнайы қатысты. Кеңес мүшелеріде өз ойларын ортаға салып жұмыла атқарған жұмысқа оң бағаларын берді.


АСЫЛБЕК ТОҚМАҒАНБЕТОВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДИУМ МҮШЕСІ
 Көріп жүрімғой мен арасында жүрміз аз жұмыстар жасап жатқан жоқпыз. Қарияларды қыдыртып жатырмыз қарттар күніне дастархан жайып жатырмызз. Қолымыздан келген жұмыстардың бәрін жасап жатырмыз.

2019 жылдан бастап қаламызда ардагерлер үшін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмыс істеп келеді. Бүгінде олардың саны бесеуге жеткен. Бұл орталықтарда қарияларымызға екі ауысымда әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, иога, би, бильярд, үстел тенисі, тренажорлық жаттығулар жасауға мүмкіндіктер жасалған. Қала басшысы Ғабит Сыздықбековтың тікелей басшылығымен ардагерлерге арналған 120 орынды «Ізетті зейнеткер» демалыс  үйі бой көтерді.  Бір жылда бұл орталықта 4300 ардагер демалып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды.