Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров талантты жас теннисші, 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемнің 9-шы ракеткасы, Аустралия және АҚШ-тың ашық чемпионаттарының жасөспірімдер арасындағы жартылай финалисі, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Заңғар Нұрланұлын қабылдады. Кездесуде облыс әкімі жас спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.
Сапар барысында Заңғар жас теннисшілер үшін шеберлік сағатын өткізді: кортта балалармен жұмыс істеді, кәсіби кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ әрқайсысына көңіл бөліп, суретке түсті, қолтаңба қалдырып, балғын спортшылардың сауалдарына жауап берді.
Теннис орталығы жанында ағаш отырғызу сапардың ерекше сәтіне айналды, бұл спортшының спорттық инфрақұрылымды дамыту мен жас ұрпақтың болашағына қосқан бейнелік үлесі еді. Сондай-ақ, жас спортшыны облыс әкімі арнайы қабылдады. Үлкен дулыға турнирлерінде топ жарып, Надаль, Федерер сынды жұлдызға айналуына тілектестігін білдірді.
Заңғар Нұрланұлы алдағы жоспарлары туралы баяндады. Аустралиядағы додада алған жарақатын емдеп, бір ай тыныққан сайыпқыран жаттығуын қайта бастап, халықаралық жарыстарға қатысуды көздеп отыр.
ЗАҢҒАР НҰРЛАНҰЛЫ, ТЕННИСШІ
Мақсатым – еліміздің атын шығарып, Туымызды желбірету. Шетелде жүріп, сіздердің, жанкүйерлеріміздің қолдауын сезініп жүрмін. Алғысымды білдіремі
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы – жасөспірімдер арасында әлемдегі үздік 10 теннисші қатарына енген тұңғыш қазақ спортшысы. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы әрі жүлдегері.