Шымкентте жеңіл атлетикадан Республикалық турнир өтіп жатыр. Спорттық жарыс Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Липинскийді еске алуға арналды.
Жарысқа еліміздің барлық облыс, қалаларынан 286 жас спортшы келген. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстаннан спортшылары да бар. 2009-2010 жылғы жасөспірімдер екі күн қатарынан жеңіл атлетика спортының 35 түрінен бақ сынайды. Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Липинскийді еске алуға арналған Республикалық сайыс алғаш рет 1999 жылы өткен. Содан бері жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылп келеді. Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта елімізде және әлемдік ареналарда өтетін сайыстарда бақ сынайтын болады.
МАРАТ МОЛДАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл жаорысқа 286 оқушы қатысып жатыр. Соның ішінде 150-і ер балдар, 135-і қыз балдар. Жарыстың мақсаты алдағы болатын жарыстарға ,Қазақстан Республикасының чемпионаттарына іріктеу болып табылады. Жақында ғана ҚР чемпионаты өтті. Онда команджалық есепте біздің спорт мектептің командасы бірінші орынды алды. Ендібиылғы жоспар бойынша 5 чемпионатты осы Шымкентте өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. 22 сәуірден бастап ҚР чемпионаты басталады. Одан соң Мамыр Маусым Шілде Тамыз айларында чемпионаттар өтеді.