Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – білім берудің жаңа дәуірі. Бүгін осы тақырыпта студенттердің XXII ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Басқосуда білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері талқыланды. Студенттер ғылыми жобаларын ұсынып, тың идеяларымен бөлісті.


 Диана Қасым-Болашақ колледжінің студенті. Қазақ әдебиетіне ерекше қызығушылық танытатын жас жаңа цифрлық жоба жасады. «Фаризамен сырласу» деп аталатын бұл чат-ботта қолданушылар ақын шығармышылығымен танысып, виртуалды көмекшіге түрлі сауал жолдай алады.


 ДИАНА ҚАСЫМ, СТУДЕНТ
 Бұл жобаның мақсаты-ақын апамыз Фариза Оңғарсыновамен сырласу. Қолданушы кез-келген сауалын ботқа қоя алады, дайын бот Фариза апамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат береді.Апамызға кез-келген сұрақ қойып, жауап алады.


Конференция алты бағыт бойынша өтті. 92 студент жасанды интеллект арқылы тың дүние дайындады. Шарада деректерді талдау, киберқауіпсіздік, заманауи инновациялық технологияларды қолдану мәселелері де талқыланды.


 САТТАР ҚУАШБАЙ, «БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы, бұл жердегі мақсат-бір-бірімізден тәжірибе алмасу. Түрлі оқу орындарынан студенттер келіп қатысып отыр.Жобаларын қорғамақ.Бүгін-конференцияның алғашқы күні.Бәсекеге қабілетті ұрпақ жасанды интеллект жолын жақсы меңгеруі керек деп ойлаймын.


 Бүгінде шаһардағы оқу орындарында цифрлық платформалар кеңінен қолданысқа еніп келеді. Инновациялық жобаларға қолдау көрсетіліп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жандана түсті.


ШОЛПАН АЙТБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Конференцияға мемлекеттік және жекеменшік колледждердің студенттері қатысып отыр.Іріктеуден өткен 92 студент өз жобасын бүгін қорғайтын болады.


Конференцияның ауқымы кең. Алғашқы күні студенттер жасанды интеллект арқылы жасаған жобаларымен таныстырса, келесі күні оның қолдану аясын талдайды, қоғамға пайдасын зерделейді. Ал үздік деп танылған жоба иелеріне арнайы марапат табысталады.