Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу емтиханы қағидаларына өзгеріс енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Ұсынылып отырған түзетулер рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, емтихан тапсыру әрекеттерінің санына қойылған шектеуді алып тастау көзделіп отыр.Сондай-ақ практикалық емтиханды мерзімінен бұрын қайта тапсыру мүмкіндігі енгізіледі. Әр 10 күн сайын ақылы негізде. Бұл ретте азаматтар үшін тегін қайта тапсыру құқығы да сақталады. 30 күнде бір рет.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
- «Сонымен қатар цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Емтихан қабылдау процесін автоматтандыру деңгейін арттыру және адам ықпалын барынша азайту бойынша шешімдер пысықталуда. Мұндағы басты міндет — көлік жүргізу дағдыларын объективті бағалауды қамтамасыз ету, баршаға тең жағдай жасау және кез келген заң бұзушылыққа жол бермеу.»