Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Жаңа заң тек жоғарыда емес бұкіл халық арасында кеңінен талқыланып үлкен қолдауға ие болды. Халық қабылдаған Конституцияны мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол ардагерлер де құптап отыр.
Себебі Жаңа Конституцияны қабылдау заңды ұйғарым. Қазіргі заман талабына, қоғамның сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді. Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғайды. Ардагерлер Конституция – бұл елдің ұзақ мерзімді дамуын бағыттайтын темір қазық екендігін тілге тиек етіп отыр.
ДОСЫБАЙ ШЕРІМҚҰЛОВ, АРДАГЕР, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Бұл конституция қазіргі заманға лайықты Келешек үшін біздің халқымыз үшін бағыт бағдар беретін Ата заң деп қабылдап біз барлығымыз қолдадық. Конституциядағы өзгерістер халық үшін жасалған.