Концертке қымбат және жалған билет сатып алып, сан соғып қалмаңыз. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездеседі.
Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға саудалайды. Сатылған билеттің жалған, жарамсыз болуы да мүмкін. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден ғана сатып алуды ұсынады.