Шымкенттегі Орталық Азия инновациялық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Ғылым мен білімнің тұрақты дамуы: жасанды интеллект және цифрлық технологиялар дәуіріндегі жаңа стратегиялар» атты ғылыми бастамаға шет мемлекеттерден арнайы оқытушы-профессорлар шақыртылды. Жиында қазіргі заманның өзекті мәселелерін көтеріп, ғылым мен білім саласындағы тың бағыттарды айқындауға бағытталды.
Бұл ауқымды ғылыми жиын Конференцияға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ғылыми пікірталас алаңын қалыптастырды. Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында ғылым мен білімнің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тиімді стратегияларды талқылау болды.
АДХАМЖОН МИРЗАЧАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЛЬФРАГАНУС УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгін Шымкенттегі Орталық Азия инновациялық университетінде арнайы бас қосып отырмыз. Осы сәтте қоғамның жасанды интеллект пен заманауи технологияларға иек артқанын құптап келеміз. Қазір ғалымдармен ақылсып, кейбір мәселелерге ортақ шешім шығарып, өзара тәжірибе алмасамыз. Осы сәтті пайдаланып, заманауи ілім-білімге бет бұрып отырған оқу орнына алғысымызды білдіреміз.
Жиын барысында білім беру жүйесіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ғылыми зерттеулерді цифрландыру, сондай-ақ академиялық адалдық пен сапаны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз баяндамаларында жаңа технологиялардың білім беру үдерісіне ықпалын жан-жақты саралап, болашақ даму бағыттарына нақты ұсыныстар берді.
ЛЮДМИЛА ИГНАШОВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Біздің оқу орнымызда білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту және инновациялық тәжірибелермен алмасу негізгі басымдықтардың бірі ретінде қарастырылған. Студенттер үшін ЖИ орталығын ашып қойдық. Қазір олар заманауи технологияларды меңгеріп жүр. Дрон құрастыру, оның қызметін үйлестіру сияқты жобалары жа жоғары дәрежеіде көрініп келеді.
Орталық-Азиялық инновациялық университеті бұл конференцияны ұйымдастыру арқылы өзінің жоғары ғылыми әлеуетін, заманауи білім беру жүйесіне бейімділігін және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастыққа ашықтығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Университеттің бастамалары білім мен ғылымды дамытудағы көшбасшылық ұстанымын айқындап, аймақтағы жетекші білім ордаларының бірі екенін көрсетті. Аталған оқу орны білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізіп қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдауда да үлкен жетістіктерге жетіп келеді.
Университет қабырғасында білім алып жатқан студенттер мен жас ғалымдар үшін барлық жағдай жасалып, олардың кәсіби дамуына кең мүмкіндік берілген. Кезекті халықаралық конференция ғылым мен білімнің жаңа кезеңге қадам басуына серпін беріп, цифрлық дәуірдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған маңызды алаңға айналды.