Отан қорғауға деген құштарлық қасиет баланың бойына  мектеп қабырғасында қалыптасу қажет. Сонда ғана әскери болышын өтеуге ықыласы артқан сарбаздар саны артады. Қаратау ауданына қарасты А.Байтұрсынов  атындағы жалпы орта мектептің қабырғасында  осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ел қорғаған батырлардың есімі ұлықталып, білім ұясындағы жас сарбаздар клубы игі шаралар өткізуде.

Байтұрсынов мектебінде айтулы оқиға. Ұлы Отан Соғысы,  Ішкі істер және Ұлттық ұланның батырлары мен ардагерлеріне арналған музей ашылды.  Бұл жобаға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімі де қолдау көрсетіп отыр. Бұл жұмыстар оқушыларға, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында атқарылып отыр.

ДИЯРБЕК НӘРМЕТОВ, «ЖАС БҮРКІТ» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ
Біз осы аллея музей ашқанына өте қуаныштымыз. Көбіміз тарихымызды танымаймыз ата бабаларымыздың ерлігін білмейміз. Осы музейді көріп батырларымызды танимыз ерлігін мақтан етеміз.

Мектепте  “Жас бүркіт” әскери патриоттық клубы  құрылған. Олар ойын түрінде түрлі әскери жаттығу жұмыстарын жүргізіп тәртіп пен отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруде. Салтанатты шара аясында клуб   мүшелерінің ант қабылдау рәсімі өтті.  Жауынгерлік Ту табысталды.

БАҚТИЯР БАБАЖАНОВ, А.БАЙТҰРСЫНОВ  АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІСІ
 Ерекшелігі біздің Жас бүркіттің спорт жағына тәртібіне қатты қараймыз. Үлкендергеде жастарға да стимул болады. Ұлттық патрилоттық сезімін оятамыз.

Бұл мектепте 2 мыңнан астам оқушы бар. Оларға 200 ге жуық мұғалім тәлім береді.  Патриоттық кешке Шымкент қаласы бойынша құқық қорғау орган өкілдері,  әскери қызметшілер,  ардагерлер арнайы келді. Олар өскелең ұрпаққа отанға деген адалдық, адаигершілік жайында өз ойларын жеткізді.