Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде дзюдодан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында Түркістан облысының кешенді спартакиадасы басталды.

Ауқымды дода «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Спорт – нашақорлыққа, терроризмге қарсы» ұранымен ұйымдастырылған. Жарысқа облыстың барлық аудандарынан келген спорт мектептерінің 450-ден астам жас дзюдошысы қатысуда. Бұл спартакиада жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және зиянды әдеттерге қарсы тұру қабілетін арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды жарыстар өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал етеді.