Жылыту маусымында өрт оқиғаларының саны 33%-ға төмендеген. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рауан Нұрлыбекұлы маусымды қорытындылап, алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық барысы туралы айтты. Қалада тіркелген өрттердің 80 пайызы тұрғын үй секторында орын алған.


 1 сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталды. Өрт қауіпті кезеңде өрт оқиғалары 33%-ға азайған. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, жану ошақтарының 80 пайызы тұрғын үй секторына тиесілі. Өрт шығу себептерінің 70 пайызға жуығы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.


 РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жылыту мауссымында 73 өрт тіркелді. Салыстырғанда 33 пайызға төмендеп тұр. Өрттен қаза тапқандар 4 адам. Жарақат алғандар өткен кезеңде 11 адам болса, 2025-2026 жылңы кезеңде 2 адамға азайды.


Сондай-ақ, жылыту маусымы кезінде төтенше қызмет мамандары газдан уланудың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Алайда өткен кезеңмен салыстырғанда газдан улану оқиғаларының саны артқан. Салдарынан қайтыс болғандар саны 12-ге жетіп отыр.


РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
2024-2025 жылы 119 жағдай болса, 2025-2026 жылы 125 жағдайға өсті, газ бойынша.Газ уланумен қаза тапқандар саны бойынша, өткен кезеңде 3 адам болса, 2025-2026 жылғы жылыту маусымында 12 адам болды.


Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 26 наурыздан бастап өрт қауіпті кезең басталды. Яғни, төтенше қызмет мамандары табиғи өрттердің алдын алу бойынша дайындық жұмыстарын күшейтті. Жыл басынан бері қала аумағында орман және дала өрттері тіркелмеген.