Шымкенттік тұрғындар «QAZAQ MED» орталығының ашылуын ұзақ күтті. Себебі, алғашқысы Алматыда еді. Енді алысқа сабылудың қажеті жоқ. Бір жылдан бері «QAZAQ MED» орталығында ем алып, дертіне шипа тапқанның бірі Маржан Тұтқабаева. Бүйрек жұмысының бұзылуынан біраз әбігерге түскен ол талай химиялық дәрілерді қолданған. Бірақ дертіне дауаны осы жерден тапқан.
Маржан Тұтқабаева – Шымкент қаласының тұрғыны
-Бүйрегімнен жиі приступ беретін. Осында ем алғалы приступ тоқтады. Бала мен қызымның да азқазанын тазалаттым. Шымкенттен ашылғанына қуаныштымыз.
Мұнда анализдің барлық түрлерін тапсыруға болады. Ультра дыбыстық зерттеу мен жүректі тексеретін аппарат бар. Білікті гинеколог, уролог, кардиолог, дерматолог, терапевт сынды мамандар қызмет көрсетуге әзір.
Рабиға Бақытжанқызы – тілші
Орталықтың ершелігінің бірі, қазақтың дәстүрлі халық емі «тамыр ұстау» түрі бар. Біз дәл қазір білікті дәрігер Нұргүл Рамазанның қабылдауында боламыз.
Маралбай Сүлеймен - «QAZAQ MED» табиғи шөп дәрілермен емдеу орталығының бас директоры
-Әдетте Шығыс, Батыс медицинасы деп жатамыз. Мен бұл орталықты ашу арқылы қазақтың дәстүрлі халық емін қайта жаңғыртқым келді. Қазақта да медицина дамығанын көрсеткім келді.
Денсаулығыңызды нығайтқыңыз келсе ине салып, хиджама жасатыңыз. Арнайы қытайдан білім алған дәрігерлер үшін массаждың жаңа түрі отпен емдеу әдісін қолдануға әзір. Орталықтың ашылуына орай, мерекелік, зейнеткерлер мен әлеуметтік топтағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған.
-Мұнда шөп дәрілерді арнайы білімі бар фитодәрігер Маралбай Сүлейменнің өзі жасайды. Бағасы да қолжетімді. Дәрігерге қайта қалалатын болсаңыз, екінші рет ақша алмайды.
Табиғи шөптермен емделгіңіз келсе, Шымкент қаласы,Самал-2 мөлтекауданы, Арғынбеков көшесі 132/1 мекен жайына келіңіз.
Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ