Бұл мереке – бір-бірімізге құрмет көрсететіп, ортақ тарихымызды ұлықтауға үндейді. Елбасының бастамасымен қолға алынған айтулы дата бірлік пен ынтымақтың ұйысуына үлкен сеп. Қазақ жеріне еркінен тыс аударылған миллиондаған өзге ұлт өкілдері құшағын жая қабылдаған қазақ жері мен қазақ халқына шексіз алғыстарын білдірді.
Нурсбек Капар-Пур – Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы
Қазақ халқына, еліміздің тыныштығы болып тұрғана алғысымды айтқым келеді. Адан кейін елде көпұлтты өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыздың өзі халықтың бірлігінің,ынтымағының арқасында.Барлығын осы мерекемен құттықтап, барлығыңызға алғымсымды айтқым келеді.
Хасан Бациев – Түркістан облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы
Біз осы жерде тұрып жатқан этнос өкілдері қанша дегенмен қазақ жеріне осы тарихи жағдайларға байланысты қиындықпен, теріс саясаттың негізінде келдік. Сол үшінде қазақ еліне өздері де қиыналғанына қарамастан, құшақ жая қарсы алған ағайынға әрдайым алғысымызды айтып отырамыз.
Бүгінде Қазақстан 130-дан астам ұлт-өкілдерінің басын қосып, бір шаңырақ астында тұтас ұлт ретінде біріктіріп келеді. Сондықтан да үшінші рет тойланып отырған бұл мерекенің мән маңызы зор. Осы алғыс айтудың негізінде халықтар ежелгі достықтың іргесін бекітіп, өзара татуластықты арттыра түседі.
Мұхтар Мұхамеджан – Түркістан облыстық қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қазақстанды көп этнос өкілдері тұратын болғандықтан, көп ұлтты мемлекет дейміз ғой. Сондықтан, бұл біз үшін ең басты мейрамдардың бірі.
Алғыс арқалаған мерекеде елімізге қоныс аударған өзге ұлт өкілдерінің сол кездегі қиын тағдырымен қазақ халқының сол сәттегі дархандығы турасында бейнероликтіі тамашалады. Шара студенттер арасында тақырыптық эссе жазумен жалғасты. Ал, арнайы ұйымдастырылған көрмеде, сол замандағы түрлі ұлыстардың салт-дәстүрін айшықтайтын құнды дүниелер көрсетілді.
Аблай Рысбеков - Түркістан облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы
Бүгін 1-ші наурыз –алғыс айту күні. Осы сәтті пайдаланып, қазақ халқына ерекше алғыс айтқым келеді. Бізді ешқандай жасынбай, кезінде бауырына басқып, жер берген. Со үшін де қазақ халқына мың алғыс айтамын...
Сабина Пак – Мақтарал ауданы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі таңда Мирас университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетінің 1-ші курс студенті. Қазақылықты қанына сіңдірген жиында ассамблея мүшелеріне «Асар» жобасын қолға алуды ұсынды. Ондағы мақсат – әлеуеті әлжуаз топтарға көмектесіп, қол ұшын созу. Ұлты кәріс болса да ислам дінін отбасымен ұстанады.
Сабина Пак – студент
Өзімнің туған елімде Қазақстанда тұрғым келеді. Маған қазақлінің этносаясаты және де жылулығы, барлығы ұнайды. Корей еліне қыдырып баратын шығармын. Бірақ, корей елінде тұруға мүлде қарсымын. болашақта өзім оқып жатқан қазақ тілі және әдебиеті факультетінің оқытушысы болуды армандаймын. Филология саласын жетік меңгеріп, қазақ тілін тереңірек зерттеп, балаларға жақсы тәрбибергім келеді
Дос болғанға құшақ жаяр туыс болған қазақ, қашанда дарқандығымен дараланған. Бұл мейрамның мәнінің жоғары болуының маңыздылығы да осы. Ал, асыл дінімізде адамға алғыс айта алмаған Аллаға лайықты құлшылық қыла алмайды. делінген. Ендеше адамдықтан айнып, Алланың ақ жолынан таймайық десек Алғыс айтуды ұмытпайық.
М.ӘСЕМБЕК