Түркістанда этномедиацияны дамытуға арналған семинар басталды. Жиында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылуда.
Семинар 3 күнге жоспарланған. Алғашқы күні кәсіби медиатор Гүлжан Қожахметова «Этномедиация технологиялары. Этномедиация – этносаралық қатынастарды реттеуші функциясы ретінде» тақырыбында сөз қозғап, нақты қадамдарды түсіндірді. Сондай-ақ «Әлеуметтік қатынастарды дамытуда медиация институтының тиімді тетіктері», «Конфликт: даму кезеңдері, шиеленісуі және тобырмен қарым-қатынас орнату кезінде жанжалды тұлғаларды профильдеу әдістері», «Наразылық білдірген халықпен және бейресми топ жетекшілерімен тиімді байланыс орнатудың практикалық аспектілері» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасалып, дәріс өткізуде. Басқосуда өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелер ортаға салынбақ.
ӘСЕТ АБЖАҚОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Бірнеше бейнероликтерді талқыладық. Бейнероликтерде біз өмірде болған оқиғаларды талқылап, тыңдаушылардың тәжірибеде болған жаппай наразылық белсенді акциялармен қалай жұмыс істеу керек және сол жаппай наразылық белсенді акцияларда зорлық-зомбылықсыз, зорлық-зомбылық түрлерінде өзін-өзі ұстау, қарсыластарымен қарым-қатынас орнату, олармен тиімді байланыс жүргізу және қандай қате мен мысалы, қандай дұрыс тактикаларды пайдалана отырып сол жиналған көпшіліктің көңілін табу және олардың көтерген мәселелеріне жоғары деңгейде жауап беру тәсілдерін талқыладық».