Шымкентте аптап ыстықтан орман өртенді. Қызыл жалын бидай алқабын шарпып, тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтеншеліктер тез арада тұрғындарды қауіпсіз аймаққа эвакуциалады. Түтінге тұншыққан бір адам жедел жәрдем көмегімен ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Бұл әрине төтеншеліктердің жылда өрт қауіпті кезеңінде өткізетін штабтық оқу-жаттығуының сценариі болатын. Биыл жауын-шашынның аз түсуіне байланысты жасыл желек ерте қурап жатыр. Күннің ысуы өрт сөндірушілерді алаңдатады. Себебі мұндай кезде қызыл жалынның туындау қауіпі арта түседі.
РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ
Бұл республикалық оқу жаттығу болып жатыр. Бізде енді қала әкіммен беуітіліп тапсырма беріледі. Оған азаматтық қорғау қызметтері қатысады. Оқу жаттығудың алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Бұған ТЖМ нен бақылау жүргізіледі. Өрт қауіпті кезеңде оқужаттығу жұмыстарына бағадеріледі. Мүмкіндігінше жақсы деңгейде өткізуге тиісті міндетімізде қаралған.
Республика командалық штабтық оқу-жаттығу 22-23 мамыр күндері еліміздің барлық өңірінде өтеді. Шымкенттегі белгіленген аймақ «Жасыл белдеу» коммуналдық мекемесіне қарасты 752,8 гектар орман алқабы. Мұнда өрт сөндіру станциясы, бақылау мұнарасы және арнайы бекет бар. Онда 4 өрт сөндіру жасағында 10 адам қауіпсіздікті қадағалайды.
ДӘУРЕН ДҮЙСЕБАЕВ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ
Бұл шараның басты мақсаты өрттің алдын алу. Әсіресе орман өрттерінің. Шымкент қаласында 5 аудан болатын болса соның бірі Тұран ауданы. Орман шаруашылықтарының дені Тұран ауданында орналасқан. Даланы ңбарлығы осы ауданда. Күштік құрылымдардың барлығы жұмылдырылған іс-шара болып жатыр. Шымкентте өтіп жатқан шараның жалғасын табатын болады.
Бұл әрине оқу-жаттығу ғана. Өрт сөндірушілер біліктілігін пысықтайтын іс-шара. Төтеншеліктер егер орман алқаптарда қызыл жалын орын ала қалса, оны тікұшақтың және арнайы дрондардың көмегімен сөндіруге қауқарлымыз деп отыр. Штабтық оқу-жаттығуға 42 техника, 290 жеке құрам қатысты.