Шымкент мектептерінде бастауышпен қоштасу кештері болмайды. Бұл даңғазалық пен ата-ананы артық шығыннан арашалу үшін қолға алынып отыр. Сондай-ақ соңғы қоңыраудан кейін бітіруші түлектердің кеш өткізуіне жол берілмейді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек мәлімдеді.


Шымкентте 290 мектепте 270 мың бала білім алады. Оның 15 800-і 11-сыныпты тәмамдайды. Олар қаланың төрт нүктесінде ҰБТ тапсырады. Олар Ташенев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент университеттері мен Жоғары педагогикалық колледжінде сынақтан өтеді.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

ҰБТ 2025 жылдың 16 мамыр, 5 шілде аралығында электронды форматта өтіп жатыр. Мектептер мен тестілеу орталықтары өзара байланыс орнатқан.


 Білім ұяларында түлектер ғана емес, 4,1-ші сынып оқушыларына да бітіру кештері өткізілмейді. Ол туралы қала әкімдігі мен білім басқармасы тарапынан арнайы бұйрық шығарылған. Қандай да бір жиын өткізілсе, мектеп әкімдігі жауап береді.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Бізде төртінші сыныппен қоштасу, бастауыщпен қоштасу дейтін рәсім бар екенін білесіздер, бұр бейресми іс-шара, сондықтан оның өткізцге қатаң түрде тиым салынған. Бұл бойынша әрбір мектеп басшылығына дербес хабарландыру берілген.


Білім ұяларында соңғы қоңырау салтанаты 23 мамырда барлық мектептерде бір уақытта қатар өткізіледі. «Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағаттары «Адал азамат» қағидаты негізінде ұйымдастырылмақ.