Түркістанда кіші футболдан гарнизон бастығының кубогы өтті. Жарысқа аумақтық қорғаныс бригадасының қызметкерлері, жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Ұлттық Ұлан мен әскери кафедралар сондай-ақ Түркістан қалалық құқық қорғау, арнаулы және күштік құрылы мүшелері қатысты.


11 команда өзара күш сынасып, шапшаңдық пен шеберлікті сынға салды. Турнир жеңістің 80 жылдығы мен Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 101 жылдығына орайластырылған. Сен тұр мен атайындар қатысқан жарыста бас жүлдені полиция департаменті қанжығалап, екінші орынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті командасы еншіледі. Ал үздік үштікті аумақтық қорғаныс бригадасы түйіндеді. Сондай-ақ сайыс қорытындысына сәйкес ойында оза шапқандарға үздік қақпашы, қорғаушы, шабуылшы сынды номинациялар да табысталды.