Бір балаға бір ваучер. Өңірлерде осы бағытта пилоттық жоба қолға алынбақ. Ол мектеп жасындағы баланың шығармалық-спорттық үйірмелермен қамтылу қарқынын арттырмақ. Яғни оқушы бүгінгідей бір мезетте 4-5 үйірмеге қатар жазылмайды және шығармашылық бағытынан қалаған уақытта ауысуына мүмкіндік береді.


 Шымкенттік оқуышылардың барлығы дерлік қосымша үйірмемен қамтылған. Мектеп жасындағы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану ісі 5 бағытта жүзеге асырылып отыр. Шаһардың 32 мың оқушысы спорттық үйірмелерге жазылған. 18 мыңдайы спорт мектептерінде білім алады. 23 мыңы мәдени бағытта, 6 мыңы білім саласы мен тағы 40 мыңдайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемелердің үйірмелеріне қатысып жүр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Енді осы жерде сұрақ туындайды. Мәселен қалаға шалғай орналасқан, қалаға кейін қосылған елді мекендердің балалары мысалы көп қой, мынау Тәуелсіздікке 20 жыл, Жыланбұзған ауылының баллаары осы үйремемен толық қамтылып отыр деген күмәнді.


 Қазір бір оқушының қосымшка білімі үшін 15 мың мен 40 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Осының негізінде оқушы қалаған үйірмелеріне қатар жазылып алған болуы бек мүмкін,-дейді қала билігі. Сондықтан ендігі кезекте жаңа жоба қолға алныбақ. Ваучерлік негізде қаржы үйірмеге емес, баланың жеке басына аударылып отырады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

 бір баланың 5 үйірмеге баруы физикалық тұрғыда да мүмкін емес. Мына жерде біз сол мәселені жеке қарап, осы ваучерлік жобаны қолға алмақпыз. Ол сол баламен бірге жүреді қаржы.


Жоба жас ұрпақтың шығармашылық дағдысын қалыптастырып, қосымша біліммен қамтуды дұрыс үйлестіруге арналған. Билік осы арқылы мемлекет қаржысын негізсіз пайдалану әрекеттерінің алдын аламыз,-деп отыр.